События
Жадыра апай біздің супер ана!
| Категория: События | |
| Дата: 18.11.2019 | |
| Просмотры: 748 | Печать страницы |
18 қараша күні аналары – Жадыра Иркимбековна Сейсембаеваның туған күніне балалар кеңесінің ұйымдастыруымен шағын мерекелік концерт өтті.
«Бізге еңбегі мол, мол.
Дәрежесі зор, зор. Жадыра апай біздің супер ана! – деп әндетіп бастаған вокал тобының қыздары, «Гүл қыздар», «Менің өлкем» әндерін, Тұрсынақын Толғанай «Аппақ гүлдер», кішкентай бөбектер «Анашым», Ступаков Данил «Болашағы елімнің» әнін, биші ұл – қыздар «Танго», «Заманауи» билерін орындап, аналарына өз қолдарымен жасаған сыйхаттарын, сувенирлерін сыйлап, керемет көңіл күй сыйлады.




