Библиотека
Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» драмасы бойынша оқырман конференциясын
| Категория: Библиотека | |
| Дата: 19.12.2020 | |
| Просмотры: 674 | Печать страницы |
Кітапханашы Кама Қалымбекқызы Қазақстанның халық жазушысы – Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» драмасы бойынша оқырман конференциясын өткізді.
ХХ-шы ғасырда неміс фашистері дүниені дүрліктірген сұрапыл соғыстың ауыр жүгін қазақ ауылындағы жасөспірім балалар мен әйелдер арқалады. Бірінің – әкесі, бірінің – бауыры соғыс майданында қаза тапқан балалардың қайғысы мен бала көңілі Военкомның темірдей тәртіпке иген талабымен қосақтанған көріністер көрермен көңілінен орын табары сөзсіз. Жасөспірімдердің періштедей пәк жүректері сағыныш кернеген сәтте, бір-бірін жұбатады...
Қиындыққа мойымаған жас ғұмырлар, тіршілік көгін тұмшалаған қара түнектен жарқын өмірге қарай ұмтылғандығы туралы шығарманы қызығушылықпен оқыған балалар оқырман конференциясына белсене қатысты.