Среда, 18 Ноября 2026
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Методическая работа

«Важность ценностей справедливости и ответственности в воспитании девочек»

Категория: Методическая работа
Дата: 27.11.2025
Просмотры: 44 Печать страницы

Мамырова Г.С.

«Қыз бала тәрбиесінде әділдік және жауапкершілік құндылығының маңызы»


Қазақ халқы ертеден-ақ қыз баланы ерекше ардақтап, оның тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тыйым» деп, әрбір қадамын бақылап, иманды, инабатты, тәрбиелі, жауапты азаматша болып қалыптасуына жағдай жасаған. Қыз бала – отбасының абыройы ғана емес, тұтас бір ұлттың намысы мен болашағының көрінісі. Сондықтан қыз тәрбиесінде әділдік пен жауапкершілік құндылықтарының орны айрықша. Әділдік пен жауапкершілік бір-бірімен тығыз байланысты рухани категориялар.
"Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі 6 құндылықты атап өткен болатын, қараша айы әділдік және жауапкершілік құндылық айы болып бекітілді.
Бағдарламада құндылықтарды дамыту сағаттары көрсетілген. Олар:
- Өзіндік рефлексия мен сыни тұрғыдан ойлауды, шешім қабылдауды дамыту мақсатында тәрбие сағаттарын өткізу.
- Түрлі аргументтермен және қолдану тәсілдермен танысу.
Осындай тәрбие ортасын құру және осы міндеттерді орындау арқылы тәрбиешілер тәрбие алушылардың бойында жағымды мінез-құлық пен құндылықтарды дамытуға айтарлықтай әсер ете алады.
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі бекіткен бағдарламасы аясында, тәрбие беру мазмұны арқылы құндылықтарды дарыту процесі бойынша балалардың әділдік және жауапкершілік құндылықтарын игеру кезеңдері көрсетілген

Мектеп алды даярлық тобы және 0 сынып
• Жауапты болу
• Уәделерді орындай білу
• Адамдар барлығы әртүрлі екендігін білу, түсіну

Бастауыш сыныпта оқитын тәрбиеленушілер
• Адамның қоғамдағы құқықтары мен жауапкершілігі туралы алғашқы көзқарастың болуы
• Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білу
• Өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін олардың моральдық нормаларға сәйкестігі тұрғысынан талдай білу

5-8 сынып
• Іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларының болуы
• Моральдық нормаларға сәйкес өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін талдай білу
• Оқу тапсырмасын орындауда табандылық, еңбекқорлықтың болуы
• Тапсырылған жалпы іс үшін сынып ұжымы алдындағы жауапкершілікті сезіну
• Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу

9-11 сынып қыздары
• Өзінің де, басқа адамдардың да әрекеттерін талдай білу
• Әділдік, мейірімділік және жауапкершілік таныту арқылы басқаларға көмектесуге дайын болу
• Кез-келген қызмет түріне немесе іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау
• Ақпаратты бағалау және талдау негізінде салмақты шешімдер қабылдау
Осы кезеңдерде берілген меңгеру арқылы қыздар толыққанды әділдік және жауапкершілік құндылықтарын игеруде.
Құндылықтарды игеру барысында “Үміт” тобы тәрбиешілерімен біршама тәрбие сағаттарын өткіздік, атап айтқанда, “Адам бойындағы жақсы қасиеттер”, “Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік”, “Адамгершілік қасиеттерді дамыту”, “А.Құнанбаевтың “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін талдау, “Әділдік пен жауапкершілік”, “Адалдық пен жауапкершілік - адамдықтың негізі” және т.б.
Жалпы қыз баланы әділдікке тәрбиелеу – оның өмірге, адамдарға, қоғамға деген көзқарасын қалыптастырудың негізгі қадамы. Әділдікке тәрбиелеу дегеніміз – қыздардың әрқайсысына бірдей қарау, олардың жеке қабілеттерін, ерекшеліктерін сыйлау, тең мүмкіндік беру, пікірін ескеріп, әділ бағалау.
Жауапкершілік те адам бойындағы ең маңызды қасиеттердің бірі. Қыз бала үшін жауапкершілік бірнеше деңгейде көрінеді: ең әуелі өзінің оқуына, тәрбиесіне, мінез-құлқына, денсаулығына деген жауапкершілік; кейін ұжымға, достарына, қоғамға деген әлеуметтік жауапкершілік; одан әрі ұлтына, Отанына деген үлкен жауапкершілік.
Қорыта айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жолдауларында әділетті қоғам құруды, жастардың білімді, жауапты, адал болып өсуін стратегиялық мақсат ретінде атап өтті. «Әділетті Қазақстан – Адал азаматтан басталады» деген қағида осының айқын дәлелі.
«Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында біз осы құндылықтарды қыз балалардың бойына дарытуға күш саламыз. Әділ де жауапты қыз тәрбиелеу – әділетті Қазақстанды қалыптастырудың сенімді жолы. Қыз тәрбиесі – ел тәрбиесі. Сондықтан әрбір қыздың бойында әділдік пен жауапкершілік құндылығының орнығуы – біздің ең үлкен жеңісіміз.


Құрметті әріптестер, бүгінгі семинар барысында біз жауапкершілік туралы ой бөлістік, түрлі жағдаяттарды талқыладық. Енді өз кәсіби және тұлғалық жауапкершілігімізді саналы түрде мойындауға бағыттау және бүгінгі семинарды эмоционалды, мотивациялық нотада аяқтау мақсатында «Мен уәде беремін...» тренингтік жаттығуына қатысу үшін бәріңізді ортаға шақырамын, шеңбер құрып тұрайық!
Алдағы уақытта педагог ретіндегі жауапкершілігімізді қалай күшейтеміз?
Осы ойды “Мен уәде беремін…” деген сөйлем арқылы нақтылайық.
– Мен әр баланың қабілетіне сенуге уәде беремін!
Дамира: Мен өз жұмысыма шығармашылықпен қарауға уәде беремін!
Айгерім: Мен әріптестеріммен жылы қарым-қатынас орнатуға уәде беремін!
Барлық қатысушылар шеңбер бойымен айтып шығады.
Құрметті әріптестер, әділдік пен жауапкершілік — бұл таңдау еркіндігінен басталып, сеніммен аяқталатын қасиет, сондықтан күнделікті іс – әрекетімізде балаға үлгі болайық! Бәріңізге рахмет! Осы жаттығуды топта балалармен өткізуді ұсынамын.


ҰСЫНЫС:
1. «Менің ісім — топқа қалай әсер етті?» деген талдау жұмыстарын жүргізу.
2. Шағын кеңес немесе топтық жиналыс ұйымдастырғанда әр бала өз пікірін айтуға мүмкіндік беру.
3. Міндетті орындағанда баланы мақтап, жігерлендіріп отыру.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.