Методическая работа
Выявление индивидуально-личностных особенностей вновь прибывших воспитанников и формирование у них у
| Категория: Методическая работа | |
| Дата: 09.01.2026 | |
| Просмотры: 38 | Печать страницы |
Букарбаева Ж.А
1.Кіріспе
Балалар орталығына жаңадан келген тәрбиеленушілер үшін жаңа ортаға бейімделу – күрделі психологиялық процесс. Олар бұрынғы әлеуметтік ортасынан ажырап, белгісіз жағдайға тап болады. Бұл кезеңде балаларда қорқыныш, сенімсіздік, тұйықтық, агрессия немесе керісінше шамадан тыс тәуелділік байқалуы мүмкін.
Сондықтан жаңадан келген тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін дер кезінде анықтау, олардың өз-өзіне сенімділігі мен эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру – психолог пен педагогтің яғни тәрбиешілердің басты міндеттерінің бірі.
2. Жаңадан келген тәрбиеленушілердің психологиялық ерекшеліктері
- эмоционалдық тұрақсыздық;
- мазасыздық деңгейінің жоғары болуы;
- өз-өзіне сенімсіздік;
- ересектерге және құрдастарына сенімсіздік;
- агрессиялық немесе тұйық мінез-құлық;
- назарды шоғырландырудың төмендігі.
3. Жаңадан келген баламен атқарылатын төрт апталық жұмыс.
Орталыққа жаңадан келген тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, олардың өз-өзіне сенімділігін арттыру және эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру.
Аталған мақсатқа жету үшін бала орталыққа түскен күннен бастап арнайы төрт апталық жүйелі психологиялық жұмыс жүргізіледі.
1-апта. Танысу және алғашқы эмоционалдық жағдайды анықтау
|
Тақырып |
Мақсаты |
Күтілетін нәтиже |
|---|---|---|
|
«Мен кіммін?» (танысу тренингі) |
Жаңадан келген тәрбиеленушілермен өзара жақын танысуға жағдай жасау |
Балалар бір-бірінің қызығушылықтарын біледі, еркін сөйлей бастайды |
|
«Көңіл-күй ағашы» |
Балалардың алғашқы эмоциялық жағдайын анықтау |
Психолог топтағы жалпы көңіл-күй ахуалын анықтайды, балалар өз сезімдерін білдіреді |
|
«Менің есімім – менің тарихым» |
Баланың өзін ерекше тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өз-өзіне сенімділігін арттыру |
Балалар өз есімінің мәнін айтып, өзін таныстыруға дағдыланады |
2-апта. Сенім мен қарым-қатынасты қалыптастыру
|
Тақырып |
Мақсаты |
Күтілетін нәтиже |
|---|---|---|
|
«Достық көпірі» |
Жаңа ортада достық қарым-қатынасты қалыптастыру |
Балалар өзара сыйластықпен тіл табыса бастайды |
|
«Сен маған, мен саған» |
Өзара сенімділікті арттыру, бір-біріне көмектесу сезімін дамыту |
Балалар бір-біріне сенім білдіріп, топ ішінде қолдау сезінеді |
|
«Менің жақсы қасиеттерім» |
Баланың өзіндік бағасын көтеру |
Балалар өздерінің жақсы қасиеттерін атап, өзіне деген сенімділігі артады |
3-апта. Эмоцияны басқару және позитивті ойлау
|
Тақырып |
Мақсаты |
Күтілетін нәтиже |
|---|---|---|
|
«Менің көңіл-күйім» |
Эмоцияларды тануға және дұрыс жеткізуге үйрету |
Балалар өз эмоцияларын сөзбен жеткізе алады |
|
«Ашуымды қалай жеңемін?» |
Агрессияны төмендету, өзін-өзі бақылауға үйрету |
Балалар ашуды жеңудің қауіпсіз тәсілдерін меңгереді |
|
«Бақытты сәт» |
Позитивті ойлау дағдысын дамыту |
Балалар жағымды ойларын ортаға салып, өмірге оң көзқарас қалыптастырады |
4-апта. Ұжымдастық және рефлексия
|
Тақырып |
Мақсаты |
Күтілетін нәтиже |
|---|---|---|
|
«Біздің топ – біздің отбасымыз» |
Ұжымдастық сезімін нығайту |
Балалар өздерін топтың толыққанды мүшесі ретінде сезінеді |
|
«Достық ережелері» |
Топта қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру |
Балалар бірлесіп ережелер құрып, оны сақтауға үйренеді |
|
«Менің жетістігім» |
Рефлексия жүргізу, өзін-өзі бағалау дағдысын дамыту |
Балалар өз жетістіктерін атап, мақтану сезімі қалыптасады |
2025 жылдың қазан айынан бастап, орталығымызға жаңадан 13 тәрбиеленуші келіп,аталған жұмыс түрлері жүргізілді.
1.Беркиндикова Альбина. 30.10.2025ж орталығымызға келді, Альбина жаңа ортаға бейімделу кезеңінде, көңіл күйі тұрақсыз, эмоционалды байланыс орнатуда қиындықтар байқалады. Сабаққа қызығушылығы төмен, зейінін шоғырландыруда қиындық бар.
Психологтың ұсынысы
- Жеке қолдау көрсету:
Альбинамен жеке әңгімелесу, жылы және қауіпсіз эмоционалды орта қалыптастыру.
Қарым-қатынас кезінде сенім мен тұрақтылықты арттыру маңызды. Сабаққа қызығушылығын арттыру үшін ойын элементтері бар қысқа әрі түсінікті тапсырмаларды қолдану, зейінді дамытуға арналған жаттығуларды жүйелі түрде өткізу.
2.Көжебаев Амир 07.11.2025ж орталығмызға келді.
10 күндік бақылау және психологиялық сүйемелдеу барысында Амирдің эмоциялық, танымдық және коммуникативтік ерекшеліктері анықталды.
Амир қарапайым тапсырмаларды орындай алады, бірақ күрделенген жағдайда шатасады және тез шаршайды.
Түстерді ажыратуда қиындықтар бар.
Жаңа ортаға бейімделу процесі баяу жүріп жатыр, тұрақты қолдауды қажет етеді. Психологиялық көмекті әрі қарай жалғастыру маңызды.
Ұсыныстар
- Зейін мен есте сақтауды дамытатын ойындарды жүйелі жүргізу («Не өзгерді?», «Суретті есіңде сақта», түстерді ажырату ойындары).
- Сөйлеу дағдыларын жақсарту мақсатында логопед маманымен бірлесіп жұмыс жүргізу.
- Баланың қызығушылығын арттыру үшін сүйікті мультфильм кейіпкерлерін қолдану («Маша мен аю» тәсілі).
3.Заремба Елизаеветта 24.11.2025ж
Елизаветта — өте жылы, сезімтал, ашық мінезді бала. Дұрыс қолдау мен жүйелі жұмыс арқылы ол топқа толықтай бейімделіп, өз қабілеттерін жақсы ашып көрсететін болады.
Ұсыныстар
1.Шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сурет салу, бояу, өз есімін көркемдеу сияқты жұмыс түрлерін жиі беру — өзін-өзі бағалауын қолдайды.
2. Ауызша тіл және баяндау дағдыларын арттыру үшін «Өзім туралы айтамын» сияқты қысқа әңгімелеу тапсырмаларын беру пайдалы.
3.Топтағы әлеуметтенуін нығайту үшін белсенді ойындарға қатыстыру, басқа балалармен жұптасып орындауға арналған тапсырмалар беру қажет.
4.Митраков Валентин 24.11.2025 ж орталығымызға келді.
Жалпы, жүргізілген жұмыстар барысында Валентиннің ашық, қарым-қатынасқа тез түсетін, өз эмоциясын еркін білдіре алатын, жаңа ортаға бейімделу қабілеті жоғары бала екені анықталды. Танымдық қызығушылығы жақсы, сабаққа ынтасы бар, құрдастарымен оңай тіл табысады.
Ұсыныстар
Танымдық қызығушылығын дамыту:
Математикаға деген қызығушылығын ескере отырып, логикалық ойындар, ойландыруға арналған жаттығулар ұсынылады.
Жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыру:
Сабаққа қызығушылығы жоғары болғандықтан, оқу әрекетіндегі белсенділігін жүйелі түрде қолдап отыру ұсынылады.
5.Свет Кизатұлы , Светов Уалифат, Азарова Дарья 02.12.2025ж, қамқоршылықтан қайтып келді.
02.12.2025 ж. қамқоршылықтан қайта келген Свет Кизатұлы, Светов Уалифат, Азарова Дарьямен бейімделу кезеңінде психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары жүргізілді. Балалардың эмоционалдық жағдайы бақылауға алынып, әңгімелесу, жеке және топтық жұмыстар арқылы олардың ішкі күйзелісін анықтау мен тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар атқарылды. Қазіргі таңда балалардың жалпы психоэмоционалдық жағдайы қанағаттанарлық, ұжымға бейімделу үдерісі біртіндеп жүзеге асуда.
Ұсыныс:
Балаларға қатысты психологиялық қолдауды жүйелі түрде жалғастыру, эмоционалдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған түзету-дамыту сабақтарын өткізу, тәрбиешілер
мен психологтың тұрақты бақылауын қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өздерін еркін сезінуіне жағдай жасау ұсынылады.
6.Жакупбекова Дарина 08.12.2025ж орталыққа келді.
Дарина – сезімтал, эмоциясын ашық білдіретін, жаңа әлеуметтік ортаға үйрену сатысында тұрған бала. Тренинг барысында ол қарым-қатынасқа түсуге дайын екенін, алайда өткен орнына деген байланысы мен эмоционалдық тәуелділігі сақталғанын көрсетті.
– Баламен жүйелі түрде жеке психологиялық әңгімелер жүргізу;
– Эмоциялық қолдауға бағытталған арт-терапиялық және ойын терапия элементтерін қолдану;
– Сенімді қарым-қатынас қалыптастыру үшін қауіпсіз орта құру;
– Бейімделу кезеңінде баланың сезімдерін қабылдап, тыңдауға басымдық беру.
7.Нурмуханова Аяла 12.12.2025ж орталыққа келді
Жалпы алғанда, Аяла – ашық мінезді, ортаға бейім, эмоциялық тұрғыдан тұрақты, өз ойын еркін жеткізе алатын тәрбиеленуші. Алдағы уақытта оның коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған топтық жұмыстар мен белсенді тренингтерге қатыстыру тиімді. Көшбасшылық қабілетін арттыру.
8.Кушанов Мадияр 19.12.2025ж орталыққа келді
Жалпы алғанда, баланың эмоциялық әлемі бай, бірақ көңіл-күйі құбылмалы екені байқалды.
Ұсыныс:
Мадиярмен эмоцияларды тану және реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған арт-терапиялық және ойын терапиясы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру ұсынылады. «Көңіл-күй күнделігі», эмоцияларды бояу, рөлдік ойындар арқылы жағымсыз сезімдерді қауіпсіз түрде шығаруға жағдай жасау қажет. Сондай-ақ топтық ойындарға біртіндеп белсенді қатыстыру арқылы оның өзіне деген сенімділігін арттырып, жаңа ортаға толық бейімделуіне қолдау көрсету маңызды.
9. Сиденков Владимир 23.12.2025ж орталыққа келді.
Сиденков Владимир орталыққа жаңадан келгенімен, ойы зерек, белсенді және ашық мінез көрсетеді. Қарым-қатынасқа тез түсіп, ересектермен де, құрдастарымен де еркін сөйлесе алады. Жаңа ортаға бейімделуі қанағаттанарлық деңгейде, тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды, эмоционалдық күйі тұрақты.
Ұсыныс:
Баланың танымдық қызығушылығын әрі қарай дамыту үшін дамытушы және шығармашылық тапсырмаларды жүйелі түрде ұйымдастыру, әлеуметтік дағдыларын нығайту мақсатында топтық жұмыстарға белсенді қатыстыру, сондай-ақ жетістіктерін мадақтау арқылы өзіне деген сенімділігін қолдау ұсынылады