Публикации
Мамандық - өмір таңдауы" тәрбие сағаты
События 21.02.2020 833"Арай" тобының тәрбиешісі - Шолпан Райсқызы Жубаева мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен "Мамандық - өмір таңдауы" тәрбие сағатын өткізді. Балалар мамандық әлемі туралы өз ойларын айтып, "Мамандықтарды топтастыру", "Тізбекті үзбе!", "Мамандықты жасыр" жаттығуларын ойнап, тәрбиеші - аналарына еңбек жолдарына байланысты сұрақтар қойып, өздері жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. Қазіргі таңда жоғары білімді мамандарға қандай талаптар қойылатыннына тоқталып, тәрбие сағатын "Қарлар" әдісімен қорытындылады. Балалар белсенділікпен қызыға қатысқан тәрбие сағ...
Сүт зауытына саяхат
События 21.02.2020 838Кәсіптік бағдар беру аясында тәрбиешілер - С.Қ.Умирхалыкова мен А.Б.Андабаева 9-11 сынып оқушыларын "JLC - сүт" сүт зауытына апарып, сүт өнімдерін даярлау технологиясымен таныстырып қайтты.
Полиция департаментіне саяхат
События 21.02.2020 758"Бүгінгі шәкірт - ертеңгі маман" кәсіптік бағдар беру апталығы аясында "Мерей" тобының тәрбиешілері - Алма Сембекқызы мен Ақбота Қайратбекқызы 9-11 сынып оқушыларын облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасына экскурсияға апарды. Басқарма басшысының орынбасары - Самал Алпысбайқызы жауапты қызметтің қыр - сырымен таныстырып, Мадина Абдықадырқызы мекеме мұражайын аралатты. Тергеу басқармасы қызметкерлері балаларға арнайы дастархан жайып, сыйлықтар тапсырды.
"Жүрекке жол тапқан - мейірімді Сара Алпысқызы"онкүндігі
События 21.02.2020 1105Балалардың сүйікті анасы Сара Алпысқызының туған күніне арналған "Жүрекке жол тапқан - мейірімді Сара Алпысқызы"онкүндігі аясында Балалар кеңесінің ұйымдастыруымен үздік құттықтау байқауы, қабырға газеті мен сурет байқауы, мәнерлеп оқу сайысы, топтарда тәрбие сағаттары мен конференция өтіп, мерекелік кешпен қорытындыланды
Көркемсөз оқу байқауы
События 21.02.2020 836«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай, қаламыздың этнос жастары арасында өткен «Ортақ Абай» көркемсөз оқу байқауына қатысып, ұлы ақынның мұрасын насихаттауға өз үлесін қосқан Тимошенко Камила, Веснина Ирина, Федорович Ульяна Алғыс хатпен марапатталды.
Мәнерлеп оқу сайысы
События 21.02.2020 861Қазақ поэзиясының Хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның артына қалдырған өшпес мұрасы өлеңдерін жас ұрпаққа насихаттап, әдебиетке, поэзияға деген қызығушылықтарын оятып, оқуға ынталандыру мақсатында үйіміздің Балалар кеңесінің мүшесі республикалық «Болашаққа жол» өнер байқауының көркемсөз оқудан І орын иегері Белоносова Снежананың ұйымдастыруымен 5-7-сынып оқушылары арасында «Поэзия Хантәңірі - Мұқағали» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс барысында қатысушылардың оқуларын бағалауда «Musik Festival» халықаралық байқауында көркемсөз аталымы бойынша Бас жүлде иегері Федорович Виктория, республикалық «Ұлы дала ұрпағы&r...
Абай оқулары
События 21.02.2020 7885 ақпан күні қаламыздағы Шоқан Уалиханов атындағы №10 орта мектепте Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мектеп әкімшілігі және қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Өнерпаз болсаң арқалан» атты өнер байқауында ақын өлеңін мәнерлеп оқудан Даутова Айгүл Абдикеримовнаның жетекшілігімен Веснина Ирина ІІ орын, Федорович Ульяна ІІІ орын иеленді.
1 ақпан күні «Айналайын» балалар үйінде қаңтар айында туған балалардың туған күн кеші өтті.
События 21.02.2020 9651 ақпан күні «Айналайын» балалар үйінде қаңтар айында туған балалардың туған күн кеші өтті. Туған күн кешіне өзіміздің ең жақын достарымыз Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттің журналистика мамандығының І курс білімгерлерін басқарып Гуманитарлық факультетінің деканы Рахимова Айна Маратқызы мен Гуманитарлық факультет деканының орынбасары Тлегенова Гүлнұр Алмұхамбетқызы қатысып балаларға тамаша концерттік бағдарлама қойып , сыйлықтармен тәттілер табыстады.
Халықаралық ғылыми жоба
События 21.02.2020 874Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған халықаралық ғылыми жоба байқауында физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын қызымыз Степанова Дарья ІІІ орын иеленген болатын. Тәрбиеленушімізге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген білім ордасының директоры Сосин Владимир Николаевич пен ұстаздар қауымына ұжым атынан алғыс білдіреміз.
Кітапқұмарлар сайысы
События 21.02.2020 896Балалардың интеллектуалдық тұрғыдан толығуына, рухани баюына септігін тигізіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жылдам оқу» үйірмесінің мүшелері: 5 – сыныпта оқитын Черняев Евгений, Хвостов Денис, Мерқали Жансая, Ниязбаев Дидар және 6 – сынып оқушылары Абишев Нұрәли, Әукен Ерсұлтан, Федорович Ульяна, Тұрсынақын Нұрболат, Веснина Ирина қатысуымен «Кітапқұмарлар сайысы» өтті. Балаларға сары, жасыл, қызыл түсті конфеттер үлестіріліп, сол бойынша үш топқа бөлінді. Әр топқа қағаз қиындыларына жазылған сөздер беріліп, сол сөздермен мақал құрау тапсырылды. Алтын алма, ақыл ал. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды ай...