Среда, 18 Ноября 2026
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Публикации

«Сезімнің гүлі»

События    22.11.2019    577

Тәрбиеші Букарбаева Жұлдыз Аханбаевна балаларды Оқушылар сарайында өткен Халықаралық Жазушылар және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, ардагер ұстаз Жақиянова Алтыншаш Жұманқызының «Сезімнің гүлі» жыр жинағының тұсаукесеріне арналған «Өлеңім, өмірімнің өрнегісің» атты шығармашылық кешіне апарып, ақын шығармасы негізінде әзірленіп, әдемі өрілген поэтикалық композицияны тамашалаған балалар ерекше әсерге бөленіп, ақындық өнерге құштарлықтары артып қайтты.

Денсаулық фестивалі

События    22.11.2019    518

22 – қараша күні «Мерей» тобының тәрбиешісі – Хадиша Баядилова мен спорт нұсқаушысы – Руслана Сысоеваның ұйымдастыруымен денсаулық фестивалі өтті. Балалар екі топқа бөлініп спорттық эстафетаға қатысып, ұлдар баскетбол ойынынан жарыс өткізді.

«Құқық және экономика»

События    22.11.2019    513

«Құқық және экономика» факультетінің оқытушысы – Талғат Ертарғынұлы мен білімгерлерінің қатысуымен тәрбиешілер С.Қ.Умирхалыкова, М.А.Андабаева, К.К. Джунусова «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбиеленушілер мен білімгерлерден құрылған екі топ бейнероликтерде көрсетілген оқиғаларды талдап, өз көңіл күйлерін смайликтермен көрсетіп отырды. Балалар үйіндегі өмірден фотогаллереяны тамашалаған қонақтар алдағы уақытта жиі келіп, балалармен өткен мерекелік іс – шараларға қатысып тұруға ұсыныс айтты. Талғат Ертарғынұлы балаларға болашақтарының жарқын болуын тілеп, балалар үйі мен «Құқық және экономика» факультеті арасы...

Сиқырлы дүрбі

События    20.11.2019    581

Керемет қойылым! Бикен Римова атындағы драма театрындағы 45- театр маусымы аясында балалар Солтүстік Қазақстан облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды – драма театрының «Сиқырлы дүрбі» ертегісін тамашалап қайтты.

«Мен бақытты баламын!»

События    20.11.2019    464

Құқық апталығы аясында Жоғары политехникалық колледжінің №9 ІТ технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ж.Б.Алибаева оқытушылары «Мен бақытты баламын!» айдарымен «Ризашылық» қайырымдылық акциясын өткізіп, интеллектуалдық сайысын ұйымдастырып шағын концерт қойды. Сайысқа қатысқан балаларды мақтау қағазбен марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

Талдықорған қалалық прокуратурасының қатысуымен өткен іс - шара «Айналайын» Балалар үйі»

События    20.11.2019    968

Талдықорған қалалық прокуратурасының қатысуымен өткен іс - шара «Айналайын» Балалар үйі» КММ – сі мен Талдықорған қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік беру, балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау, өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастауға жетелеу, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 20 қараша күні Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған "БАЛАЛАР ҮШІН БІРГЕ» атты іс – шара өтті. Кеш қонақтары – Алмат...

Балалар үйінің дәрігері

События    20.11.2019    492

Балалар үйінің дәрігері – Аукенова Гүлнұр Асемгалиевна мен медбике Бейсенова Марал балаларға дифтерия, көбінесе балаларда кездесетін жұқпалы тамақ ауруы туралы дәріс өткізіп, аурудың алғашқы белгілері, таралу жолдары, емдеу және алдын алу туралы мәліметтер беріп, балаларға жеке бас гигенасын үнемі сақтауды талап етті.

Жадыра апай біздің супер ана!

События    18.11.2019    747

18 қараша күні аналары – Жадыра Иркимбековна Сейсембаеваның туған күніне балалар кеңесінің ұйымдастыруымен шағын мерекелік концерт өтті. «Бізге еңбегі мол, мол. Дәрежесі зор, зор. Жадыра апай біздің супер ана! – деп әндетіп бастаған вокал тобының қыздары, «Гүл қыздар», «Менің өлкем» әндерін, Тұрсынақын Толғанай «Аппақ гүлдер», кішкентай бөбектер «Анашым», Ступаков Данил «Болашағы елімнің» әнін, биші ұл – қыздар «Танго», «Заманауи» билерін орындап, аналарына өз қолдарымен жасаған сыйхаттарын, сувенирлерін сыйлап, керемет көңіл күй сыйлады.

Құқық апталығы

События    16.11.2019    620

Құқық апталығы "Бала құқығы – адам құқығы" онкүндігі аясында 16 – қараша күні балалардың ой-өрісін дамыту,іздендіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Мен және менің құқықтарым» айдарымен «Жетісу дебат клубы» белсенділері Мейірхан Шырын, Мадет Ернұр, Боранбаева Аяжан, Қалиев Бейбарыс, Әшім Әлия, Нұрахмет Таңшолпанның қатысуымен дебат ойыны өтті. Ойын соңында «Біз бақытты баламыз!» сурет байқауының жеңімпаздары Мерқали Жансая, Степанов Дмитрий, Федорович Ульяна және «Құқығымды білемін, заңмен ғана жүремін» қабырға газеті байқауының жеңімпаздары «Арай», «Жетісу», &l...

"Бала құқығы – адам құқығы"

События    16.11.2019    631

ҚР БҒМ бастамасымен дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы – адам құқығы" онкүндігі аясында 13 қараша күні «Айналайын» балалар үйінде балаларға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік беру, балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау, өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастауға жетелеу мақсатында «Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ» атты дүниежүзілік сабақ өтті. Сабақ барысында балалар өз құқықтары мен міндеттерін айқындап, балалардың көңіл – күйлерін көтеретін сергіту жаттығулары ойнатылды. «Әрекет-қабілеттілік пирамидасы», мақал-мәтелдердің жалға...

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.