Публикации
"Лидер нации-К.К.Токаев"
Воспитательная работа 17.05.2022 559Тәрбиеленушілерді ел Президенті - Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өмірбаянымен таныстыру, ел басқару ісіндегі еңбектерін үлгі ете отырып, отансүйгіштікке, көшбасшылыққа тәрбиелеу мақсатында барлық топтарда "Ұлт көшбасшысы - Қ.К.Тоқаев" айдарымен тәрбие сағаттары өтті.
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 14.05.2022 606Балалардың туған күн кешіне І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факультет деканы, Қамқоршылық кеңес төрағасы Толамисов Амангельді Габдылкаримович бастаған магистр, оқытушы-лектор Тлегенова Гүлнұр Алмұханбетқызы, ШТҚ 11,112 топтарының кураторы Доскельдина Айдана Серікболқызы , АІК 11 тобының кураторы Мусабаева Алия Нурланбекқызы мен «Шет тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» мамандығының 1 курс білімгерлері келіп сәуір, мамыр айларында туған балаларды құттықтап, концерттік бағдарламаларын көрсетіп, сыйлықтарын табыстады.
"Школа приемных родителей"
Школа приемных родителей 12.05.2022 420В соответсвии с приказом №165Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 апреля 2020 года 15 кандидатов 23 группы прошлионлайн -курсы психологической подготовки школыприемных родителей и получили сертификаты. Курс проводится бесплатно!
Встреча с ветераном Великой Отечественной войны - Қаңтарбаевым Сәрсенбаем
События 05.05.2022 513Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы полковник Талғат Дәулетханов Ұлы Отан Соғысының ардагері - Қаңтарбаев Сәрсенбай қарияны Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтап және Қорғаныс министрінің құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын ұсынды. Осы игі шараға Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, майор - Жанат Сембаевтың бастамасымен Қанабек Байсейтов атындағы саз колледжінің 4 - курс студенті Искакова Айсұлу мен біздің тәрбиеленушіміз - Шерубаев Санат та қатысып, батыр бабаларының ақ батасын алды. Сәрсенбай Қаңтарбаев 1924 жылы 10 мамыр күні Көксу ауданы, Балпық би (Дүнгене) кентінде дүниеге келген. 1942 жылы Мұқыры орта мектебін бітіріп, 18 жасында 1942 жылы қыр...
Үйірме жетекшісі Дукенов Б.Б. шығармашылық кеші
События 04.05.2022 513Бала жылы аясында Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Күреңбел» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің есеп беру және композитор, "Айналайын" балалар үйінің домбыра үйірмесі жетекшісі - Дүкенов Бектұрған Бидолдаұлының 70 жасқа толу мерейтойына арналған концертіне үйіміздің домбрашылар ансамблі қатысып, үлкен сахнада алғаш рет өнер көрсетті
Встреча с ветеранами Великой Отечественной войны
События 03.05.2022 527Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен тәрбиеленушілеріміз Федорович Ульяна мен Шерубаев Санат Ұлы Отан соғысының ардагері Шектібаев Төлеубай аталарын және Еңбек ардагері Дүйсенбекова Ұлтай Садыққызын 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, гүл шоқтарын табыс етіп өздерінің жыр шумақтарын жолдады. Ардагер қариялардың ақ батасын алған балаларымыздың патриоттық сезімдері мен отансүйгіштік қасиеттері артып, үлкенге құрмет көрсетудің ерекшелігін сезініп қайтты. Балаларымызды елжандылық пен қайсарлыққа тәрбиелеп жүрген әскери қызметкерлерге алғыс білдіріп, дендеріне саулық, Отан қорғау жолындағы ерен еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!
Заседание клуба "Хабар"
Библиотека 03.05.2022 546"Хабар" клубының кезекті отырысы В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасында өтіп, Кама Қалымбекқызы клуб белсенділеріне "Ер есімі - ел есінде" айдарымен Ұлы Отан соғысының батырлары туралы танымдық сағат өткізді. Кітапхана қызметкері - Егізтаева Әсем Мұратбекқызы кітапқұмарларды көпшілік біле бермейтін Жетісу өңірінен шыққан батырлар туралы ақпараттармен таныстырды.
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 03.05.2022 481Үйіміздің мақтанышы - Балалар кеңесінің Президенті, әнші, биші, актер, оқу үздігі - Үсенов Еділді туған күнімен құттықтаймыз! Денің сау, жасың ұзақ, болашағың жарқын болсын, ақылды көшбасшымыз!
"Школа приемных родителей"
Школа приемных родителей 03.05.2022 455Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуіріндегі № 165 бұйрығына сәйкес, бала асырап алуға үміткер ата – аналарды дайындау мектебінен 23 топтың 15 үміткері онлайн түрде психологиялық даярлау курсынан өтіп, сертификаттарын алды. Курс тегін жүргізіледі!
Просмотр фильма "Паралимпиец"
События 02.05.2022 581Мақсат Дауылбай бастаған Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген "Паралимпиец" фильмін көру челленджін Атамекен балалар ауылынан қабылдап, фильмді көруге 8-11 - сынып оқушылары барды. Отандық фильмнен балалар керемет әсер алып, оларды паралимпиадашылардың өмірі мен спортқа келу тарихы, бастарына түскен қиындықтарды өткеруі, психологиялық жай - күйлері шабыттандырды.