Публикации
Конкурс "Ана мен бала"
Участие в конкурсах 29.03.2022 573Ана мен бала арасындағы жылылық пен сыйластықты дәріптеу, анаға құрмет көрсетудің ең асыл қасиет екенін балаларға ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Ана мен бала» өнер байқауы жоғарғы деңгейде өтіп, Бас жүлдені "Жазира" тобының анасы - Тамаша Егеубаева мен ару қызы - Федорович Виктория, І орынды "Үміт" тобынан Дамира Малтекбасова мен Ерғосаева Сәния, ІІ орынды "Мерей" тобынан аналы - балалы - Шұғыла Жұмабекова мен Әкім Серікболсын және "Арай" тобынан Меруерт Андабаева мен Қали Жансая, ІІІ орынды "Жігер" тобынан Буржанова Меруерт пен Веснин Эдуард, "Ұлан" тобынан Тұрдахынбаева Толқынай...
Аким города Талдыкорган у нас в гостях
Наши гости 29.03.2022 640Бүгін балалармен танысып, қал - жағдайлары мен тұрмыс - тіршілігін білу үшін қала әкімі - Масабаев Әсет Дүйсебекұлы шаңырағымызға арнайы ат басын бұрды. Құрметті қонағымыз балаларымыздың білім, өнер, спорт саласында жеткен жетістіктерімен марқайып, жеткіншектерге жүрек жарды жылы лебізін білдіріп, ағалық ақылымен бөлісті. Өнерпаздарымыздың өнерлерін тамашалап, сыйлықтар табыстады.
Заседание клуба "Хабар"
Библиотека 28.03.2022 5452020 жылы “жыл құсы” - ителгі, 2021 жылы “жыл құсы” - бірқазан болған еді, ал 2022 жыл - бұлбұл жылы деп аталды. "Хабар" клубының кезекті отырысында Кама Қалымбекқызы балаларды жыл құсы туралы қызықты деректермен таныстырды. Бұлбұлдар - торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Қазақстанда екі түрі – кәдімгі, немесе шығыс, бұлбұлы және оңтүстік, не зортұмсықты, бұлбұл кездеседі. Оңтүстік бұлбұлы Сырдария, Шу, Іле, Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды, үлкен бау-бақшаларды, қалың бұталы өсімдіктерге бай саябақтарды мекендейді. Кәдімгі бұлбұл Жайық пен Ертіс өзендерінің бойында, Көкшетау өңіріндегі қыраттарда ұялай...
Интеллектуальная игра "MI BATLLE"
Участие в конкурсах 26.03.2022 577Бала жылы аясында "АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ “JETISY MEDIA" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ-нің ұйымдастыруымен "MI BATLLE" интеллектуалдық сайысы өтіп, тәрбиеленушілеріміз 7 топқа бөлініп, сайысқа түсіп,І орынды "Намыс" тобы, ІІ орынды "Жетісудың жетеуі" тобы, ІІІ орынды "Алдар Көсе" тобы иеленіп, барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 25.03.2022 603"Жігер" тобының сері жігіттері - Шефлер Олегті 18 жасқа, Давыденко Валерийді 15 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Дендерің сау, болашақтарың жарқын болсын батырлар!
Конкурс "Мақал-сөздің мәйегі"
Участие в конкурсах 25.03.2022 554Бала жылы аясында балалардың кітапқұмарлығын арттыру мақсатында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы Кама Қалымбекқызы Құдайбергенова және тәрбиешілер - Салтанат Кемелевна, Лаура Заңгеровна, Балжан Дауленовнаның жетекшілігімен В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының кітапханашылары - Егізбаева Әсем мен Кантарбаева Айжан ұйымдастырған "Мақал - сөздің мәйегі" сайысына балаларымыз белсене қатысып, І орынды - Шерубаев Санат, ІІ орынды - Степанова Анастасия, ІІІ орынды - Тен Людмила иеленді.
Поздравляем!
События 24.03.2022 474Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, қазақстандық қоғамның дәстүрлі мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарына негізделген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға табыс жағдайын жасау мақсатында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі онлайн режимде ұйымдастырылып, «Айналайын»Балалар үйі» КММ – нің 11 тәрбиеленушілері қатысты. Барлық қатысушыларымызға сыйлыққа смарт сағаттар беріліп, өнерпаздарымыз театр байқауынан бас жүлде иеленгендері үшін видеокамераға, б...
Конкурс бата беру
Участие в конкурсах 21.03.2022 732Тәрбиеші Толқынай Берікқызының ұйымдастыруымен өткен бата беру сайысына балалар белсене қатысып, Бас жүлдені - Қалибеков Рүстем, І орынды - Шерубаев Санат, ІІ орынды - Лихачев Артур, ІІІ орынды - Черняев Дмитрий иеленді.
Соревнование по перетягиванию каната
Спортивные мероприятия 21.03.2022 618Спорт нұсқаушысы - Руслана Алихановна Сысоева мен Балалар кеңесінің белсендісі - Бочаров Иван ұлдар арасында арқан тартысын ұйымдастырды. Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен...
Праздничный концерт "Қош келдің, Ұлы Наурыз, тәуелсіз қазақ еліне!"
Памятные даты и дни рождения 21.03.2022 466"Жігер" тобының тәрбиешісі - Буржанова Меруерт Төлеубековнаның ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күніне арналған "Қош келдің, Ұлы Наурыз, тәуелсіз қазақ еліне!" атты мерекелік концерт өтіп, тұсау кесер салты сахналанып, "Наурыз", "Наурыз тойы", "Көкорай көктем" әндері, "Аспаптар", "Қара жорға" билері, "Кеңес", "Би" күйлері орындалып, домбырашылар тобының сүйемелдеуімен "Еркем - ай" әні орындалды. Балалар "Ең дәмді Наурыз көже" байқауының қатысушылары дайындаған ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, бата беру сайысының қатысушыларынан баталар берілді.