Среда, 18 Ноября 2026
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Публикации

Конкурс рисунков «Бақ дарытар құт Наурыз»

Участие в конкурсах    21.03.2022    703

Балалар кеңесінің белсенділері Веснина Ирина мен Федорович Ульянаның ұйымдастыруымен өткен «Бақ дарытар құт Наурыз» сурет байқауына үйіміздің суретшілері белсене қатысып, жүлделі орныдарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.

Заместитель акима Алматинской области Батыржан Құлаймергенұлы у нас в гостях

События    18.03.2022    602

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын атап өту және оның маңыздылығын арттыру бойынша арнайы тапсырмалар берген болатын. Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасының мақсатына сәйкес қазіргі әлемнің жаһандану кезеңінде ұлттық мерекені, оның маңыздылығын балаларға, жастарға, болашақ ұрпаққа кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік маңыздылығын арттыру жолында Алматы облысында 2022 жылы «Наурыз» мерекесін атап өту бойынша іс-шаралар жоспарына сай "Қайырымды ұлт" республикалық қайырымдылық акциясы аясында балаларға ұлттық нақыштағы "Наурыз кәде" сыйлықтарын табыстау үшін облыс әкімінің орынбасары - Ба...

Заседание Попечительского совета

События    18.03.2022    523

Бүгін Наурыз мерекесінің қарсанында кезекті Қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Тәрбиеленушілердің сабақ үлгерімі мен мектепшілік іс-шараларға қатысу» Қамқоршылық кеңес мүшесі, №16 орта мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Г.К.Муратбаева, «Балалардың көктемгі демалысын ұйымдастыру» туралы балалар үйінің директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары М.С.Жанайбекова, «Пандемия кезінде «Айналайын» балалар үйінде атқарылған іс-шаралар» туралы мәліметті балалар үйінің дәрігері Г.А.Аукенова, «Түлектермен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша атқарған жұмыс» туралы мәліметті балалар үйін...

Заседание клуба "Хабар"

Библиотека    16.03.2022    481

16 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. Атаулы күнге орай Кама Қалымбекқызы "Хабар" клубының белсенділеріне еліміздің тарихын терең білу мақсатында шежіре жайлы кітаптармен таныстырып, Мәшһүр Жүсіп Көпей...

Тренинг "Дос болайық, бәріміз!"

Работа психолога    16.03.2022    606

Наурыз - татулық пен сыйласымдық, кешірім мен береке айы. Осы орайда психолог Айерке Сатбергенқызы балаларды достықты қадірлей білуге, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету мақсатында "Дос болайық, бәріміз!" айдарымен тренингтік жаттығулар өткізді. Қатысушылар бір - біріне жылы лебіздерін білдіріп, достарының бойындағы жақсы қасиеттері туралы айтты. Бата беру шеберлері Веснин Эдуард пен Шерубаев Санат Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында достарына керемет баталарын берді.

С днем рождения!

Памятные даты и дни рождения    15.03.2022    475

"Ұлан" тобының ең ақылды еркесі, әнші, биші, актер, суретші, мәнерлеп оқу шебері Молдажанов Ринатты туған күнімен құттықтаймыз! Денің сау, болашағың жарқын болсын батыр балақан!

14 наурыз- Көрісу мейрамы

Памятные даты и дни рождения    14.03.2022    478

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Осы атаулы мерекеге орай Бала жылы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы "Мейірім" акциясы бойынша өз қамқорлықтарына алған Абишев Нұрәли баламызды Амал мерекесіне арналған іс - шараға қатысуға шақырып, арнайы сыйлықтарын табыстады.

Амал мерекесі

Памятные даты и дни рождения    14.03.2022    520

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының арнайы шақыруымен балаларымыз І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен Амал мерекесіне арналған іс - шараға қатысып, мерекенің басты тағамы - Наурыз көжеден дәм татып қайтты.

Заседание клуба "Хабар"

Библиотека    14.03.2022    532

"Хабар" клубының кезекті отырысында Кама Қалымбекқызы балаларды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы қызықты деректермен таныстырды.

С днем рождения!

Памятные даты и дни рождения    12.03.2022    487

"Үміт" тобының ең сүйкімді, ең ақылды, әнші, биші аруы Өмірзақ Аянаны 17 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денің сау, болашағың жарқын болсын алтын қыз, барлық арман - тілектерің орындалсын!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.