Публикации
1 марта "День благодарности"
События 01.03.2022 505"Айналайын" балалар үйі мен Жетісу өңіріндегі жоғары білімнің киелі қара шаңырағына айналған Жетісу университетінің достық қарым - қатынасының 7 жылдығына арналған "Шын жүректен - 7" мерекелік концерті үйіміздің Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы, балалардың асқар тау әкесі, аталған университеттің гуманитарлық факультет деканы, "Харекет" қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша өкілі - Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамисовтың ұйымдастыруымен өте керемет өтіп, балалар үйі тәрбиеленушілері мен студенттердің, балалар үйі тәрбиешілері мен университет оқытушыларының бірлесіп орындауында әсем ән мен әдемі билер орындалды. Университет ректоры Қуат Маратұлы мен балалар үйіні...
Успешные выпускники
Выпускники 01.03.2022 681Наш выпускник Смагулов Жандос Сайламханович в 2010 году закончил музыкальный колледж имени К.Байсеитова, работал солистом в народном, фольклорно-этнографическом ансамбле «Талдыкорган әуендері», а сейчас открыл собственную студию звукозаписи «Жандос». Он оказывает детскому дому спонсорскую помощь, записывает песни на различные мероприятия и концерты. Желаем Жандосу творческих успехов и удачи в своем начинании. Мы гордимся тобой!
"Қазақ халқына мың алғыс!" мерекелік концерт
События 26.02.2022 6031 - наурыз - Алғыс айту күніне орай "Арай" тобының тәрбиешісі Меруерт Ахметсапановна Андабаеваның ұйымдастыруымен "Қазақ халқына мың алғыс!" мерекелік концерті өтіп, іс - шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің ардагер ұстаздары - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, Ардагерлер алқасының төрағасы - Катенов Амангелді Камалович, доцент Ибрагимова Қарлығаш Карбозовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор - Бөрібекова Фарзана Бөрібековна, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Таубалдиева Жұматай, математика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор - Сейітова Сабыргүл Макашевна қатысып, өнер байқауларынан, пән олимпиадаларына...
Заседание клуба "Хабар"
Библиотека 22.02.2022 552"Хабар" клубының кезекті отырысында Кама Қалымбекқызы балаларға Дүниежүзілік мысықтар күні туралы ақпарат беріп, кітапқұмарлар газет-журнал, энциклопедиялардан мысықтар туралы қызықты мәліметтермен танысты. Мысықтар өз өмірінің 70%-ын ұйықтаумен өткізеді. Олар тәулігіне – 18 сағат ұйықтайды! Мысықтарға мешітке кіруге рұқсат етілген. Әлемдегі ең қымбат мысықтың есімі – Зевс. Оның бағасы – 154 мың АҚШ долларын құрайды. Ұлыбританияда қара мысық, сәттілікті білдіреді. Еркектері солақай, ал ұрғашылары оңқай болады. Олардың жүгіру жылдамдығы шамамен – 50 км/сағ. Ал дүние жүзіндегі ең жылдам адамның жылдамдығы – 43 км/сағ ғана. Әлемде бұл хайуанның 400 мил...
Воспитательный час "Қазақ халық суретшісі - Гүлфайрус Ысмайлова"
Воспитательная работа 22.02.2022 656Қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері - Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында тәрбиеші Жанар Алимхановна "Қазақ халық суретшісі - Гүлфайрус Ысмайлова" атты тәрбие сағатын өткізіп, қыздарды қазақ бейнелеу өнері туралы көптеген қызықты ақпараттармен таныстырды.
Воспитательный час "Қазақтың ырым тыйымдары"
Воспитательная работа 19.02.2022 637Қыздарға ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру, ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу мақсатында Дамира Ғалымқызы "Қазақтың ырым тыйымдары" айдарымен тәрбие сағатын өткізді.
Поздравляем!
Наши достижения 18.02.2022 549Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында индорхоккейден ҚР чемпионатында үйіміздің табысты түлегі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгері, индорхоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тренері - Чернов Радмирдің жетекшілігімен тәрбиеленушілеріміз - Үсенов Еділ, Степанов Дмитрий, Чернов Станислав, Абишев Нұрәли Алматы облысының құрама командасында ойнап, жүлделі ІІІ орын иеленді.
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 18.02.2022 446С 13 летием поздравляем нашу красавицу, самую милую девочку группы "Арай" Хусайнову Маргариту! У нас в семье сегодня праздник — Принцесса быстро подросла И стала настоящей леди, Хотя и маленькой пока. Цветочек ласковый и нежный Пусть в счастье и любви живет. Добро с ней будет, а удача, Пусть нашу дочь по жизни ждет.
Воспитательный час "Ұлт мақтанышы - Роза Бағланова"
Воспитательная работа 18.02.2022 496Қазақ халқының әншісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығын балаларға таныстыру, ән өнеріне деген құрметтерін арттыру, ұлт құндылықтарын дәріптеуге жетелеу мақсатында Гүлден Сатыгуловна "Ұлт мақтанышы - Роза Бағланова" айдарымен тәрбие сағатын өткізіп, Ұлы Отан соғысының майдан шебінде ән өнері арқылы жауынгерлердің рухын көтеруге ықпал еткен қазақтың батыр қызының ерлігін үлгі ете отырып, отансүйгіштікке тәрбиеледі.
Воспитательный час "Ұлт анасы - Зейнеп Ахметова"
Воспитательная работа 16.02.2022 652Тәрбиеші Дамира Ғалымовна Малтекбасова қыздарға ел анасы Зейнеп Ахметованың өнеге сабақтарын үлгі ете отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге жетелеу мақсатында "Ұлт анасы - Зейнеп Ахметова" айдарымен тәрбие сағатын өткізді.