Публикации
"2 апреля-Международный день детской книги"
Памятные даты и дни рождения 02.04.2021 570Халықаралық балалар кітабы күніне орай "Жазира" тобының қыздары үйіміздің кітапханасындағы дүниежүзінің жануарлар әлемі энциклопедияларынан аңдардың көптүрлілігі туралы қызықты мәліметтермен танысты.
Воспитательный час «Конвенция о правах ребенка»
Воспитательная работа 01.04.2021 879Тәрбиеші Еркежан Төлеухановна "Ұлан" тобында балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Бала құқығы туралы конвенция» тәрбие сағатын өткізді.
Социальный проект "Қамқор"
Воспитательная работа 01.04.2021 993Талдықорған қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің "Қамқор" әлеуметтік жобасының үйлестірушілері жетекшілері Оразбаева Жанар Болатовнаның ұйымдастыруымен кезекті онлайн кездесу өткізіп, 1- 4 - сынып оқушыларына Наурыз мерекесінің маңызын түсіндіріп, ағылшын тілінде мейрам, көктем, гүлдеу, дәстүр, ою, тойлау сияқты сөздерді айтуға үйретіп, балаларға әртүрлі қызықты тапсырмалар орындатты.
Конкурс домбристов "Домбыра - асыл мұра"
Участие в конкурсах 01.04.2021 920Балалар кеңесінің белсендісі Ерғосаева Сәния "Домбыра - асыл мұра" айдарымен домбырашылар сайысын ұйымдастырды. Домбыра үйірмесінің жетекшісі Бектұрған Бимолдаұлының әділ төрелігімен А.Еңсеповтың "Балалық шақ" күйін орындаған Әкім Серікболсын І орын иеленіп, "Дәулескер күйші" атанды. Ниязбаев Дидар "Кеңес" күйін орындап, "Ең үздік домбырашы" атанса, Ерғосаев Сәния мен Федорович Виктория "Динаның ізбасарлары" атағына ие болды.
"Мы против коррупции!"
Воспитательная работа 31.03.2021 829"Ұлан" тобында Дана Эгенбаевна "Біз жемқорлыққа қарсымыз!" тәрбие сағатында балаларға "Жемқорлық", "Пара" сөздерінің мағынасын түсіндіріп, адал, еңбекқор, білімқұмар болуға тәрбиеледі.
Конкурс танцев "Көктем өрнектері"
Участие в конкурсах 30.03.2021 888Балалар кеңесінің белсендісі Әукенова Сезімнің ұйымдастыруымен өткен "Көктем өрнегі" би байқауы жоғары деңгейде өтіп, І орынды "Арай" тобы, ІІ орынды "Үміт" тобы, ІІІ орынды "Жазира" тобы иеленді. "Ең үздік биші" атағын Кусайнова Қаракөз жеңіп алды.
Воспитательный час "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!"
Воспитательная работа 29.03.2021 887"Жігер" және "Мерей" топтарының 7-11 - сынып оқушылары арасында тәрбиешілер Лаура Заңгеровна мен Шұғыла Тұрсыновна "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" тәрбие сағатын өткізіп, балаларға әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар деп тәрбиеледі.
Правовой урок "Мы против коррупции!"
Воспитательная работа 29.03.2021 1008"Жазира" тобында тәрбиеші Әйгерім Айдосқызы «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» құқықтық сабағында “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастырды. Балалардың ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамытты. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиеледі.
Заседание клуба "Хабар"
Библиотека 29.03.2021 637"Хабар" клубының кезекті отырысында Кама Қалымбекқызы кітапқұмарларға таныстырған кітап жайындағы қызықты 20 дерекпен сіздермен де бөлісуді жөн көрдік: 1. Есінеу жайында кітап оқысаңыз, сіз де есіней бастайсыз. 2. Ертеректе сөреде керісінше: кітаптың бүтін жаны (корешок) қабырға жақта тұрған. 3. Кітап оқуға баулуға тек 4-6 жаста бастаған жөн. Себебі кейін, баланың ынтасы жоғалады. 4. Адамдар кітап оқуға, шамамамен аптасына 6,5 сағаттай бөледі екен. 5. Үшінші сыныпқа дейін кітап оқи алмаған бала өмір бойы кітап оқуды әдетке айналдыра алмайды. 6. Роман жазу үшін жазушының орташа есеппен 475 сағат уақыты кетеді екен. 7. Темір тордың ар жағында жазылған романдар: М...
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 29.03.2021 639"Жазира" тобының тәрбиешісі Жұлдыз Аханбаевнаның ұйымдастыруымен туған күн мерекесі өтіп, туған күн иелеріне жеке сыйлықтар тарту етіліп, әртүрлі қызықты ойындар ойнатылды. Балалар кеңесінің Президенті Үсенов Еділ өз командасының белсенділерін атқарған қоғамдық - мәдени жұмыстары үшін марапаттады. Мереке би кешімен жалғасты.