Публикации
Отан қорғаушылар күні
Памятные даты и дни рождения 07.05.2021 574"Арай", "Жазира", "Үміт" тобының қыздары Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырып, "Сто дней до приказа", "У солдата выходной", "Сарбаздар", "Жас ұлан" әндері, "Қырандар", "Айбынды қыздар" билері орындалып, концерт соңынан 1-5 - сынып ұлдарына сыйлықтар табысталды. Балалар кеңесінің Президенті Үсенов Еділ ұлдар атынан қыздарға алғыс айтып, жүрекжарды тілегін білдірді.
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 06.05.2021 581"Мерей" тобының ерке серісі, әнші, биші, актер - Тұрсынақын Нұрболатты туған күнімен құттықтаймыз! Денің сау, болашағың жарқын болсын!
"Жүректен жүрекке" тренинг
Работа психолога 06.05.2021 721Психолог Әсел Талғатқызы көңіл-күйді көтеру және жағымды сезім мен эмоцияны қалыптастыру мақсатында балалармен "Жүректен жүрекке" атты тренингтік ойынын өткізді. Қатысушылар өздері қиып, бояған жүректеріне жақсы тілектер жазып, бір - біріне сыйлады.
День солнца
Работа психолога 03.05.2021 625Бүгін Жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің мерекесі – Күн күні аталып өтеді. Күн болмаса, Жерде ауа да болмас еді, Күннің арқасында миллиондаған жылдар бұрын біздің планетамызда тіршілік пайда болды. Осы атаулы мерекеге орай психолог Әсел Талғатқызы балалармен "Әрқашан күн сөнбесін!" айдарымен жақсы тілектер эстафетасы ойынын өткізді. Балалар Күн туралы білетін қызықты деректерімен бөлісіп, өз достарынан кімді күнге теңейтіндерін айтты. Күннің суретіне жақсы тілектер жазып, бір - біріне сыйлады.
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 03.05.2021 678Балалар кеңесінің Президенті, ақылды көшбасшымыз Үсенов Еділді туған күнімен құттықтаймыз! Болашағың жарқын болсын! Еліміздің көк туын биікте желбіретер азамат болатыныңа сенімдіміз!
Заседание клуба "Хабар"
Библиотека 03.05.2021 678"Хабар" клубының кезекті отырысында Кама Қалымбекқызы балаларды Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік жолы туралы кітаптармен таныстырып, халық қаһармандарының қайсарлықтарын үлгі ете отырып, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында кітапқұмарларға осы әдебиеттерді оқуға ұсынды.
"Бірлігіміз жарасқан", "Бір үйдің баласындай"
Памятные даты и дни рождения 01.05.2021 703Үйімізде қазақ, орыс, неміс, татар, корей, поляк ұлтының балалары татулығы жарасып, бауырмалдық пен мейірімділікте өсіп келеді. Біз өзімізді кіші ассамблея деп те атаймыз. Сондықтан, Қазақстан халқының бірлігі күні біз үшін ерекше мереке. Бүгін осы атаулы күнге арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, балалар "Бірлігіміз жарасқан", "Бір үйдің баласындай", "Қазақстан", "Отан" әндерін, корей, орыс, өзбек билерін, "Достық" сюжеттік биін орындады. Іс - шара соңынан "Татулығы жарасқан" айдарымен өткен сурет байқауына белсене қатысқан балалар марапатталды.
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 29.04.2021 632Балалар кеңесінің белсендісі, оқу озаты, республикалық, облыстық мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы, көркем жазу шебері, әнші, биші, актриса Мерқали Алтынайды туған күнімен құттықтаймыз! Деніне саулық, жарқын болашақ тілейміз!