Среда, 18 Ноября 2026
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Публикации

"Жаңа ұрпақ - нұрлы жаз"

Спортивные мероприятия    25.06.2021    1424

"Жаңа ұрпақ - нұрлы жаз" тақырыбындағы жазғы демалыс лагерінде спорт нұсқаушысы Руслана Алихановна кіші топ балаларымен "Айналайын, алға!" спорттық эстафетасын өткізіп, "Кемпірқосақ" және "Жасыл ел" топтары арасында тартысты жарыс өтті. Балалар Кеңесінің белсендісі Федорович Виктория кішкентай спортсмендерге сыйлықтар таратты.

дойбыдан жарыс

Спортивные мероприятия    24.06.2021    1410

Балалар Кеңесінің белсендісі Ниязбаев Темірлан дойбыдан жарыс ұйымдастырып, І орынды Веснина Ирина, ІІ орынды Поддубный Николай, ІІІ орынды Зайцева Алена иеленді. Дойбы ойыны балалардың логикалық ойлау және шығармашылық қабілетін арттырады. Алдына қойған мақсатына жете білуге, сенімділік және жеңіске деген талпынысқа жетелейді.

"Жаңа ұрпақ - нұрлы жаз"

События    24.06.2021    885

"Жаңа ұрпақ - нұрлы жаз" демалыс лагерінде бүгін Балалар Кеңесінің ұйымдастыруымен "Таланттар керуені" байқауы өтті. Байқау жүргізушілері Үсенов Еділ мен Әукенова Сезім мың бұрала корей, үнді, заманауи билер билеген өнерпаздарды ерекше арнаулармен қанаттандырып, шабыт беріп, қызықты кештің көрігін қыздырды.

"Школа приемных родителей"

Школа приемных родителей    11.06.2021    590

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуіріндегі № 165 бұйрығына сәйкес, бала асырап алуға үміткер ата – аналарды дайындау мектебінен 11 топтың 15 үміткерлері онлайн түрде психологиялық даярлау курсынан өтіп, сертификаттарын алды.

"Школа приемных родителей"

Школа приемных родителей    11.06.2021    614

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуіріндегі № 165 бұйрығына сәйкес, бала асырап алуға үміткер ата – аналарды дайындау мектебінен 10 топтың 15 үміткерлері онлайн түрде психологиялық даярлау курсынан өтіп, сертификаттарын алды.

Альфия мы тобой гордимся! Ты наша гордость!

Наши достижения    11.06.2021    832

С 10 по 17 июня в городе Қостанай проходят 5-ые Молодёжные игры Республики Казахстан по тяжёлой атлетике.В соревнований принимают участие чемпионы и призёры Мира и Азии.И в первый же день соревнования в весовой категории до 49 кг, в сумме двоеборья 133 кг (59 кг+ 74 кг) наша чемпионка Казахстана Гарифуллина Альфия завоевала бронзовую медаль. Мы поздравляем нашу чемпионку и её тренера Сысоеву Руслану Алихановну! Альфия мы тобой гордимся! Ты наша гордость!

Үздік аттестат

Наши достижения    10.06.2021    822

Тәрбиеленушіміз Тимошенко Камилланы "Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ - нің "№16 орта мектеп-гимназиясы" КММ -сін негізгі орта білім туралы үздік аттестатпен аяқтауымен құттықтаймыз!

"Сәт сапар, жас түлек!"

Памятные даты и дни рождения    09.06.2021    537

Тәрбиеші Динара Шалқарқызының ұйымдастыруымен "Сәт сапар, жас түлек!" айдарымен түлектердің қоштасу кеші өтті. Түлектерге балалар үйінің қоғамдық - мәдени іс - шараларына белсене қатысқаны үшін директордың құрмет грамотасы табысталып, тәрбиеші - аналары тарапынан сыйлықтар берілді. Ал түлектер аналарына атқарып жүрген еңбектеріне алғыс білдіріп, құрмет ленталарын тақты. Мерекелік кешке Қамқоршылық кеңес төрағасы Амангелді Ғабдылкәрімұлы қатысып, балаларға әкелік ақылы мен ақ батасын берді.

«Армандар картасы»

Работа психолога    07.06.2021    1000

Қазір «Армандар картасы» трендте. Психолог Әсел Талғатқызы қыздарға оның не екенін, қалай жасалатынын түсіндіріп, қыздардың қызығушылығын тудырған "Армандар картасын" жасаудан шеберлік сағатын өткізді.

«Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағат

Памятные даты и дни рождения    04.06.2021    531

ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында барлық топтарда «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.