Публикации
Воспитательный час " Айналайынның ардагер аналары"
Воспитательная работа 16.09.2021 664"Мерей" тобының тәрбиешісі Алма Сембекқызы балалар үйінің мұражайында мекеменің 25 жылдығына орай " Айналайынның ардагер аналары" айдарымен тәрбиеші, үйірме жетекшілері, аспаз, дәрігер, тігінші аналардың балалар тәрбиесіне сіңген ерен еңбектері туралы танымдық сабақ өткізді.
Познавательный урок Ұлт мақтанышы- Қасым-Жомарт Тоқаев"
Воспитательная работа 16.09.2021 566Тәрбиеші Жанар Алимхановна ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың өмір және еңбек жолын үлгі ете отырып, балаларды ұлтжандылыққа, парасаттылыққа, білімқұмарлыққа тәрбиелеу мақсатында "Жазира" тобында "Ұлт мақтанышы- Қасым-Жомарт Тоқаев" айдарымен президенттану сабағын өткізді. Тәрбие сағаты барысында балалар Қазақстан Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауының мазмұнымен танысты.
"Школа приемных родителей"
Школа приемных родителей 15.09.2021 551Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуіріндегі № 165 бұйрығына сәйкес, бала асырап алуға үміткер ата – аналарды дайындау мектебінен 15 топтың 15 үміткері (16 маусым - 8 қыркүйек) және 16 топтың 15 үміткері (17 маусым - 9 қыркүйек) онлайн түрде психологиялық даярлау курсынан өтіп, сертификаттарын алды. Курс тегін жүргізіледі!
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 14.09.2021 622"Жазира" тобының сүйкімді еркесі, оқу озаты, мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы, әнші, биші, актриса - Степанова Анастасияны туған күнімен құттықтаймыз! Сары балапанымыздың деніне саулық, бақытты балалық шақ тілейміз!
Воспитательный час "Экология және біз"
Воспитательная работа 13.09.2021 868Қоршаған ортаның сапасы және ластануы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде адам және табиғат байланыстылығын білуге үйрету мақсатында тәрбиеші Әйгерім Айдосқызы "Жазира" тобында "Экология және біз" айдарымен тәрбие сағатын өткізді.
Воспитательный час "Что такое вакцина?"
Воспитательная работа 13.09.2021 817Вакцинаның пайда болу тарихы, түрлері, құрамы, пайдасы туралы балалардың білімдерін толықтыру мақсатында тәрбиеші Меруерт Ахметсапановна мен медбике Айгүл Желтаевна "Арай" тобында "Вакцина деген не?" айдарымен тәрбие сағатын өткізіп, балаларға көптеген қызықты мәліметтер берді.
Заседание клуба "Хабар"
Библиотека 13.09.2021 614Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі, көрнекті жазушы, ақын, публицист Мағжан Жұмабаевтың фольклорлық туындыларымен таныстыру мақсатында кітапханашы Кама Қалымбекқызы "Хабар" клубының белсенділерімен ақынның таңдамалы шығармаларын бірігіп оқыды.
Воспитательный час "Отбасы - бақыт мекені"
Воспитательная работа 11.09.2021 651Елімізде Отбасы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Айтулы мерекеге орай топтағы сыйластыққа, адамгершілікке, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа жетелеу, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, топтың бірлігін сақтап, мақтаны болуға тәрбиелеу мақсатында "Ұлан" тобында тәрбиеші Салтанат Қырықбаевнаның ұйымдастыруымен "Отбасы - бақыт мекені" айдарымен тәрбие сағаты өтті.
"Школа приемных родителей"
Школа приемных родителей 24.08.2021 506Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуіріндегі № 165 бұйрығына сәйкес, бала асырап алуға үміткер ата – аналарды дайындау мектебінен 14 топтың 15 үміткерлері онлайн түрде психологиялық даярлау курсынан өтіп, сертификаттарын алды. Курс тегін жүргізіледі!
Конкурс рисунков "Мы против насилия!"
Участие в конкурсах 05.08.2021 948Жазғы лагерде балаларға біреуге зорлық – зомбылық көрсетудің адамның ең жаман қасиеті екенін, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы деп түсіндіру, оларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғау туралы үйрету, кішіге қамқорлық жасау, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау мақсатында «Біз зорлық – зомбылыққа қарсымыз!» айдарымен сурет байқауы өтті.