Среда, 18 Ноября 2026
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Публикации

Заседание Попечительского совета

События    24.09.2021    662

"Айналайын" Балалар үйі" КММ - нің Қамқоршылық Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде балалар үйінің жаңа оқу жылына дайындығы, 2020-2021 оқу жылының түлектерінің орналасуы, тәрбиеленушілердің әлеуметтік мәртебесін анықтау мен мүліктік құқығының сақталуы, баланы отбасына дайындау жұмысының барысы туралы мәселелер қаралды.

"Адамгершілік ағашы"

Работа психолога    24.09.2021    585

Психолог Балнұр Болатқызы "Үміт" және "Арай" топтарында "Адамгершілік ағашы" жаттығуын өткізіп, қатысушылар қағаздардан жасалған кішкентай жапырақшаларға «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет, қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?», – деген сұраққа жауап жазады. Жылы, мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп, солып қалған ағашты жандандырды.

Тренинг "Көңілді күн"

Работа психолога    23.09.2021    824

Психолог Балнұр Болатқызы балалардың көңіл күйлерін көтеру, бір біріне сыйласымдылық қасиеттерін арттыру мақсатында "Көңілді күн" тренингтік жаттығуын өткізді. Ойындарға қызығушылықпен қатысқан балалар өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін атап, бір біріне жақсы тілектерін арнады.

Познавательный урок «Балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин»

Воспитательная работа    22.09.2021    850

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай мұрасы – өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» атты қазақ тілі онкүндігі аясында "Жігер" тобының тәрбиешісі Меруерт Төлеубековна «Балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсарин» айдарымен танымдық сабағын өткізді.

Тренинг "Мен ең сұлумын!"

Работа психолога    22.09.2021    515

"Жазира" тобының қыздарының өзін - өзі бағалау деңгейін арттыру мақсатында психолог Балнұр Болатқызы "Мен ең сұлумын!" тренингтік жаттығуын өткізді. Адамның өзіне берер бағасы, сенімділігі жоғары болса, кез келген қиындықтан оңай шыға біледі. Өзін-өзі бағалауы тұрмыстық жағдайға, білім дейгейіне де байланысты болуы мүмкін. Адамның өзіндік «Мені» жоғары болғанда ғана өзін-өзі бағалауы да жоғары деңгейде болады. Ал «Мен» шектен тыс көп болса, тәкаппарлыққа тіреледі.

Тренинг "Достық сыры"

Работа психолога    22.09.2021    650

Балалар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту мақсатында "Мерей" тобында өткен "Достық сыры" тренингтік жаттығуында балалар «ДОС» сөзіне "дәм кіргізіп", дос қандай болу керектігін айтты. Бір - біріне достық адал тілектерін білдіріп, Балнұр Болатқызы ұйымдастырған ойындарға қызығушылықпен белсене қатысты.

"Ыбырай Алтынсарин - еңбек тәрбиесінің негізін қалаушы"

Воспитательная работа    20.09.2021    768

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай мұрасы – өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» атты қазақ тілі онкүндігі аясында "Жазира" тобының тәрбиешісі - Әйгерім Айдосқызы "Ыбырай Алтынсарин - еңбек тәрбиесінің негізін қалаушы" айдарымен тәрбие сағатын өткізіп, Ыбырай шығармаларын оқыту арқылы балаларды еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиеледі.

"Кел, балалар, оқылық!" айдарымен Ыбырай оқулары

Воспитательная работа    20.09.2021    798

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай мұрасы – өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» атты қазақ тілі онкүндігі аясында "Үміт" тобының тәрбиешісі - Динара Шалқаровна "Кел, балалар, оқылық!" айдарымен Ыбырай оқуларын өткізді. Ақын өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыған Белоносова Снежана І орын, Веснина Ирина ІІ орын, Ерғосаева Сәния мен Мерқали Алтынай ІІІ орын иеленіп, ұлы ұстазға өлең жолдарын арнаған Аманжолқызы Айдана "Ыбырай ізбасары" аталымы бойынша марапатталды

Конкурс выразительного чтения «Ыбырайдың сырлы сөзі»

Библиотека    20.09.2021    628

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай мұрасы – өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» атты қазақ тілі онкүндігі аясында өткен "Хабар" клубының кезекті отырысында 5-7 сынып оқушылары бас қосып, «Ыбырайдың сырлы сөзі» айдарымен ұлы ұстаздың шығармаларын бірігіп оқып, өлеңдерін мәнерлеп оқудан әдеби жекпе - жек өткізді.

С днем рождения!

Памятные даты и дни рождения    17.09.2021    573

"Арай" тобының ерке сұлуы, әнші, биші, актриса, оқу үздігі Қали Жансаяны 14 жасқа толуымен құттықтаймыз! Денің сау, болашағың жарқын болсын, ақылды еркетай!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.