Среда, 18 Ноября 2026
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Публикации

Праздничное мероприятие "Тәуелсіздік туы, желбіре!»

Памятные даты и дни рождения    16.12.2021    461

Тәуелсізідік -ең басты құндылығымыз. 30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, ата-бабамыз ансаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. «Айналайын» шаңырағында «Мерей» тобының тәрбиешісі Баядилова Хадиша Туленқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы, желбіре!» атты мерекелік кешке «Өлке тынысы», «Огни Алатау» газеттерінің тілшілері, балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қатысты. Мерекелік кеште «Айналайын» вокал тобының орындауында «Қазақтай Ел қайда?», «Ж...

Воспитательный час "Тәуелсіздік ғалымдары"

Воспитательная работа    16.12.2021    769

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай тәрбиеленушілердің Қазақстанның ғалымдары туралы білімдерін кеңейтіп, қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу мақсатында "Арай"тобының тәрбиешісі Андабаева Меруерт Ахметсапановна "Тәуелсіздік ғалымдары" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Познавательный урок "Тәуелсіздік тарландары"

Воспитательная работа    16.12.2021    884

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай Тәуелсіздік тарландарының ерлік істерімен таныстырып,еліне деген сүйіспеншілікті арттырып, балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында "Үміт" тобының тәрбиешісі Мамырова Гүлден Саттығұлқызы "Тәуелсіздік тарландары" тақырыбында танымдық сабақ өткізді.

Праздничный вечер «Тәуелсіздік туы желбіре»

Памятные даты и дни рождения    16.12.2021    438

Тәуелсізідік -ең басты құндылығымыз. 30 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, ата-бабамыз ансаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. «Айналайын» шаңырағында «Мерей» тобының тәрбиешісі Баядилова Хадиша Туленқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіре» атты мерекелік кешке «Өлке тынысы», «Огни Алатау» газеттерінің тілшілері, балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қатысты. Мерекелік кеште «Айналайын» вокал тобының орындауында «Қазақтай Ел қайда?», «Жел...

Воспитательный час "Тәуелсіздік шежіресі"

Воспитательная работа    15.12.2021    751

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Жазира" тобының тәрбиешісі Жанар Алимхановна "Тәуелсіздік шежіресі" айдарымен тәрбие сағатын өткізіп, ел тарихынан бірнеше көріністер сахналанып, патриоттық ән - билер орындалды.

Воспитательный час «Гүлденген тәуелсіз ел ұланымыз!»

Воспитательная работа    14.12.2021    808

"Ұлан" тобының тәрбиешісі Дана Эгенбаевна Идрисова ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Гүлденген тәуелсіз ел ұланымыз!» тәрбие сағатын өткізіп, балалар тәуелсіздік жылдарының тарихи оқиғаларын сахналап, патриоттық әндер мен тақырыптық билер орындады.

С днем рождения!

Памятные даты и дни рождения    13.12.2021    624

Үйіміздің мақтанышы халықаралық, республикалық көркем сөз оқу байқауларының жеңімпазы, "Пана" театрының бас актрисасы, әнші, биші Белоносова Снежананы туған күнімен құттықтаймыз! Денің сау, болашағың жарқын болсын, өнерің өрге жүзсін, көркіне ақылы сай алтын қызымыз!

Заседание клуба "Хабар"

Библиотека    13.12.2021    573

13 - желтоқсан Аю күні аталып өтеді. Осыған орай Кама Қалымбекқызы "Хабар" клубының белсенділерімен аю туралы қызықты мәліметтермен танысты. Бұл аң ертегі-аңыздарда жиі кездесетінін ескерсек, төл мерекесінің пайда болғанына қатты таңғалуға болмас. Ертегілерді оқып отырғанда, көз алдымызға мейірімді, аңқау, епсіз аң елестейтіні жасырын емес. Алайда аю күші көп, өте қауіпті аң. Қарсы алдындағы адамға тап беруі әбден мүмкін. Өкінішке қарай, бүгінде әлемде аюдың тек 7 түрі қалған, олардың барлығы мемлекеттік деңгейде қорғалады.

Упражнение "Подпись на футболке"

Работа психолога    11.12.2021    549

Психолог Балнұр Болатқызы "Жетісу" тобының ұлдарымен "Футболкадағы қолтаңба" жаттығуын өткізіп, балалардың өз - өзіне деген құрмет сезімін анықтап, өзі туралы ойларын дамытты. Жаттығу барысында тәрбиеленушілерге футболканың суреті бар парақ таратылып, оған өз футболкаларына қандай жазу, сурет салғысы келеді, соны салғызды. Бірақ ол жазу, сурет адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы айтылатындай - олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с. білдіруі керектігін ескертіп, жұмысқа 5-10 минут берілді. Осыдан кейін тәрбиеленушілер өздерінің қолтаңбалары туралы әңгімеледі. Жаттығу қызықты өтіп, балалар белсене қатысты.

Акция "30 летию - 30 добрых дел "

Наши гости    10.12.2021    690

10 - желтоқсан - Дүниежүзілік адам құқығы күніне орай ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында "30 жылдыққа - 30 игі іс" акциясы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқарма басшысы Андабеков Жеңіс Саятбекұлының бастамасымен үйіміздің тәрбиеленушілері арасында "Гүлденген, тәуелсіз ел ұланымыз!" айдарымен сурет байқауы ұйымдастырылып, барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Игі шараны ұйымдастырған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс білдіріп, істеріне берекет, асқақ абырой тілейміз!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.