Среда, 18 Ноября 2026
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да
Нет


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 9

 Публикации

Соревнование по шашкам

Спортивные мероприятия    01.11.2021    1128

Балалар кеңесінің белсендісі Пономаренко Константин балалар арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырды

"Школа приемных родителей"

Работа психолога    01.11.2021    569

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуіріндегі № 165 бұйрығына сәйкес, бала асырап алуға үміткер ата – аналарды дайындау мектебінен 17 топтың 15 үміткерлері онлайн түрде психологиялық даярлау курсынан өтіп, сертификаттарын алды.

Заседание клуба "Хабар"

Библиотека    01.11.2021    491

1 қараша – ерекше атаулы күн - халықаралық түлкі күні. Осы атаулы күнге орай "Хабар" клубының кітапқұмарлары сұлу әрі айлакер аң туралы мәліметтермен танысып, ертегілер оқыды. Түлкі ең ажарлы жыртқыш аңдардың бірі. Терісінің реңі қызғылт сары, құйрығы ұзын әрі жүндес, тұмсығы ұзын әрі жіңішке, ал көздерінен ақыл әрі айлакерлік аңғарылады. Түлкі кішкентай ит шамалас. Жирен аңның реңі шіп-шикіл түстен сұр түске дейін кездеседі. Солтүстік жақта мекендейтін түлкілердің терісі қызғылт түсті, қыр далада мекендейтін түлкілердің терісі сұр және сары түстес. Терісі қара түсті түлкілер де болады. Қара сұр түлкі терісі ең әдемі болып саналады. Сол себептен қара сұр түсті түлкілерді б...

Тренинг "Өзіңді бағала!"

Работа психолога    01.11.2021    626

Балалардың күзгі демалысын қызықты ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл - күй сыйлау, тәрбиеленушілер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында психолог Балнұр Болатқызы "Өзіңді бағала!" тренингтік жаттығуын ұйымдастырды.

Тренинг "Бауырлар татулығы"

Воспитательная работа    01.11.2021    728

"Мерей" тобында балалардың эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, бір - біріне бауырмалдылық сезімдерін арттыру мақсатында "Бауырлар татулығы" айдарымен тренингтік жаттығу өткізіліп, ұлдар бір бірінің жақсы қасиеттерін, жетістіктерін айтып, татулықтың, бауырмалдылықтың ең жақсы қасиет екендігін ұғынды.

Успешные выпускники

Выпускники    28.10.2021    827

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің "Шетел тілдері және аударма ісі" білім бағдарламасының 3-курс білімгері Кенбаева Құралай ең үздік, табысты түлектеріміздің бірі. Ол «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зертеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақстан Республикасының 100 үздік дарынды студенті» атты республикалық байқауының жеңімпазы, академиялық ұтқырлық бойынша бір семестрге Туркия Республикасы, Нийде Өмер-Халисдемир университетіне оқуға кетті.Бұл біз үшін үлкен жетістік! Біз сенімен мақтанамыз!

"Ғасыр ақыны - Қасым Аманжолов" кітап оқу сағаты

Воспитательная работа    27.10.2021    966

Тәрбиеші Хадиша Төленқызы "Мерей" тобында қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа тәрбиелеу мақсатында "Ғасыр ақыны - Қасым Аманжолов" тақырыбында бірігіп кітап оқу сағатын өткізді.

Воспитательный час "Қазақ халқының салт - дәстүрлері"

Воспитательная работа    27.10.2021    733

Тәрбиеші Жұлдыз Аханбаевна "Жазира" тобында тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып,салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында "Қазақ халқының салт - дәстүрлері" айдарымен тәрбие сағатын өткізіп, қыздар ұлттық салт - дәстүр мен әдет - ғұрып туралы көп мәліметпен танысты.

"Дегдар" Гуманитарлық Қорының сыйлығы

События    26.10.2021    764

Бүгін Нұр - Сұлтан қаласында өткен Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға домбыра табыстау рәсіміне "Айналайын" Балалар үйі" КММ - нің директоры Жадыра Иркимбековна Сейсембаева қатысып, "Дегдар" Гуманитарлық Қоры" Корпорациялық қорының төрайымы Дариға Назарбаеваның қолынан "Айналайын" домбырашылар оркестріне 10 домбыра қабылдады. Шара барысында Көкшетау қаласындағы облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының "Бурабай" ансамблі Дина Нұрпейісованың күйін орындау челленджін "Айналайын" балалар үйіне жолдады.

С днем рождения!

Памятные даты и дни рождения    26.10.2021    538

Үйіміздің мақтанышы - әнші, биші, күйші, көркем сөз оқу шебері, футболист - Хасен Нұрсұлтанды 13 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Сабырлы, ақылды ұлымызға мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тілейміз!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.