Публикации
Воспитательный час "Ғасыр адамы"
Воспитательная работа 12.01.2021 852Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Д.А.Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, балаларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында тәрбиешілер А.Қ.Дулықанова, А.С.Омарова, А.С.Серғазиева "Ғасыр адамы" атты тәрбие сағаттарын өткізді.
Заседание клуба "Хабар"
Библиотека 11.01.2021 663Қорықтар мен ұлттық саябақтар күніне орай "Хабар" клубының мүшелері кітапханадағы энциклопедиялардан еліміздегі және әлемдегі қорықтар туралы қызықты мәліметтермен танысты.
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 11.01.2021 590Сегодня день рождения нашего активиста, артиста театра "Пана", победителя различных творческих конкурсов Пономаренко Константина и маленького шалунишки Калибекова Рустема. Желаем им здоровья, преданных друзей и благополучия во всем! С Днем рождения!
Интеллектуальная игра "Лидеры ХХІ века"
Воспитательная работа 09.01.2021 937Тәрбиешілер Насихат Жұмашқызы мен Дана Эгенбекқызының ұйымдастыруымен "Жетісу" және "Ұлан" топтарынан құралған "Арыстан" мен "Қыран" топтарының арасында ХХІ ғасыр көшбасшысы сайысы өтіп, "Бәйге","Дода", "Жеті жұмбақ" кезеңдерінде белсенділік танытқан "Қыран" тобы жеңіске жетті.
Заседание клуба "Хабар"
Библиотека 09.01.2021 711Кітапханашы - Кама Қалымбекқызы "Хабар" клубының кезекті отырысында қазақтың атақты күйші - композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай "Күй анасы - Дина" атты танымдық сабақ өткізіп, клуб мүшелерін дара тұлға туралы көптеген мәліметтермен таныстырды. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген....
Познавательный урок "Күй анасы - Дина"
Воспитательная работа 09.01.2021 819Кітапханашы - Кама Қалымбекқызы "Хабар" клубының кезекті отырысында қазақтың атақты күйші - композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай "Күй анасы - Дина" атты танымдық сабақ өткізіп, клуб мүшелерін дара тұлға туралы көптеген мәліметтермен таныстырды. Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген....
"Айналайын Аруы мен Жігіт сұлтаны -2021"
Участие в конкурсах 08.01.2021 1249«Ұлан» тобының тәрбиешісі Умирхалыкова Салтанат Қырықбаевна мен Балалар кеңесінің белсенділері «Айналайын Аруы мен Жігіт сұлтаны 2021» байқауын ұйымдастырды. Байқауға әр топтан алты сайыскер қатысып, өнерлерін ортаға салды. «Көрікті Ару» номинациясына «Арай» тобының тәрбиеленушісі Қали Жансая, «Сымбатты Ару» номинациясына «Үміт» тобының тәрбиеленушісі Абулгазинова Мақпал, «Өнерлі жігіт» номинациясына «Мерей» тобының тәрбиеленушісі Аукенов Ерсұлтан, «Тапқыр жігіт» номинациясына «Жігер» тобының тәрбиеленушісі Бочаров Иван ие болды. «Айналайын» Аруы-2021» ата...
Рождество
Памятные даты и дни рождения 07.01.2021 794Бүгін мейірімділік пен ізгіліктің мерекесі - Рождество күнінде "Арай" тобының тәрбиешісі - Шолпан Райсовнаның ұйымдастыруымен мерекелік іс - шара өтіп, балаларға атаулы күннің тарихы түсіндіріліп, қызықты ойындар ойнатылды. Тұрақты демеушіміз "REAHC" қоғамдық қорының филиал директоры Шынар Қайролдақызы мен қор координаторы Бақыт Байтұрғанұлының жолдаған тәтті сыйлықтары балаларға табысталды
тренинг "Мен өмірді сүйемін!
Работа психолога 06.01.2021 873Психолог - Әсел Талғатқызы тәрбиеленушілердің қысқы демалысының қызықты ұйымдастырылуына өз үлесін қосып, күнделікті балалармен тренингтік жаттығулар өткізеді. Бүгін балалардың өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу мақсатында «Мен өмірді сүйемін!» айдарымен өткен тренингте "Сәлемдесу", "Сынық қарындаш" жаттығуы, "Квест" әдісі арқылы "Жасырылған сұрақ" ойыны, "Бақыт картасы" арт-терапия жаттығуы жүргізіліп, балалар қызығушылықпен қатысты.