Публикации
Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» драмасы бойынша оқырман конференциясын
Библиотека 19.12.2020 673Кітапханашы Кама Қалымбекқызы Қазақстанның халық жазушысы – Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» драмасы бойынша оқырман конференциясын өткізді. ХХ-шы ғасырда неміс фашистері дүниені дүрліктірген сұрапыл соғыстың ауыр жүгін қазақ ауылындағы жасөспірім балалар мен әйелдер арқалады. Бірінің – әкесі, бірінің – бауыры соғыс майданында қаза тапқан балалардың қайғысы мен бала көңілі Военкомның темірдей тәртіпке иген талабымен қосақтанған көріністер көрермен көңілінен орын табары сөзсіз. Жасөспірімдердің періштедей пәк жүректері сағыныш кернеген сәтте, бір-бірін жұбатады... Қиындыққа мойымаған жас ғұмырлар, тіршілік көгін тұмшалаған қара түнектен жарқын өмірге қарай...
Интеллектуальная игра «Лидер ХХІ века»
Воспитательная работа 18.12.2020 870Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік туы, желбіре!» атты онкүндік аясында тәрбиеші - Букарбаева Жұлдыз Аханбаевна «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысын өткізді. Сайыс кезеңдерінде Тәуелсіз Қазақстанның тарихи дамуына қатысты сұрақтар болып, балаларды отансүйгіштікке жетелейтін тапсырмалар орындалды.
Успешные выпускники
Выпускники 18.12.2020 1016Қожахметов Ұлан Қожахметұлы 07.02.1995 года рождения, выпускник 2012 года. В 2015 году закончил профессиональный технический колледж города Астаны по профессий повар. Сейчас работает поваром в Family food Restaurants в городе Нур-Султан, женился. В детском доме Улан пел в хоре, хорошо рисовал и любил играть в шахматы. Любимым предметом была математика.В 2009 году занял ІІ место в республиканском творческом конкурсе "Мир көрген әлем, менің шабытты өмірім". Улан ещё добьётся больших побед в своей работе и станет прекрасным мастером своего дела. Мы гордимся тобой!
Воспитательный час «Тәуелсіздік батырлары»
Воспитательная работа 17.12.2020 718«Жігер» тобының тәрбиешісі Буржанова Меруерт Төлеубекқызы «Тәуелсіздік батырлары» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағаты барысында балалар қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған тәуелсіздік батырлары туралы, тәуелсіз Қазақстанның 29 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерін айттып, «Мен Қазақпын!», «Көк тудың желбірегені» әндерімен тәрбие сағатын аяқтады.
Познавательный урок "Тәуелсіз елдің білімпаздары"
Воспитательная работа 16.12.2020 838"Жазира" тобының тәрбиешісі - Айнұр Сағынғалиқызы "Тәуелсіз елдің білімпаздары" айдарымен халықаралық олимпиадалардағы алты алтынның иегері - Қуат Есенов, Google корпорациясының бағдарламалық қамту жөніндегі аға инженері Ғалымжан Етеулин сияқты білімпаз қазақстандықтар туралы керемет танымдық сабақ өткізді.
Праздничный концерт "Тәуелсіздік туы желбіре!"
Памятные даты и дни рождения 16.12.2020 886"Арай" тобының тәрбиешісі - Балжан Дауленқызы Байтоқованың ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік туы желбіре!" атты мерекелік концерті өтіп, "Көк тудың желбірегені", "Туған ел", "Атамекен", "Моя родина - Казахстан" әндері, "Достық", "Қазақстан - алып ел", "Өркенде елім!" билері орындалды. "Тарих толқынында" бейнесюжеті көрсетіліп, мереке соңында республикалық "Абай оқулары" байқауына қатысқан балалар марапатталды.
Поздравляем!
События 15.12.2020 1184ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында үйіміздің іргетасын қалаған аяулы анашымыз - Жамал Қасымбекқызы "Алматы облысының Құрметті азаматы" атағына ие болды. Жамал Қасымбекқызының тәрбиелеп ұшырған балаларының басы Қорғаныс министрлігінде полковник, Нұр – Сұлтан қаласының әкімшілігінде бас маман, жоғарғы санаттағы дәрігер – кардиолог, ұстаз және басқа да әртүрлі мамандықтарды игеріп, еліміздің түкпір түкпірінде алаңсыз еңбек етуде. Еңбегі еленгеніне ризашылық білдірген Жамал Қасымбековна, марапаттау рәсімінде : Тәуелсіз қазақ елінің мәртебесі биік, азаттық рухы асқақ, жұлдызы жарық, жолы нұрлы болсын!- деген тілек білдірді. Біз Сізді мақтан тұтамыз, үлкен жүректі...
Познавательный урок "Тәуелсіз елдің ғалымдары"
Воспитательная работа 14.12.2020 645Тәрбиеші - Гүлім Алмасқызы Ізбасар "Тәуелсіз елдің ғалымдары" айдарымен "Мыңжылдық проблемалар" санатындағы 7 есептің бірін шешкен математик Мұхтарбай Өтелбаев, майталман математик - Асқар Жұмаділдаев, Кон проблемасын шешіп, Мур сыйлығын иеленген Уәлбай Өмірбаев, Нобель сыйлығын алған алғаш қазақ - Достай Раманқұлов, графенді қалай алуды ойлап тапқан - Бағила Байтымбетова, ТМД - ғы "Үздік жас ғалым" атағын иеленген Ерлан Досжан туралы керемет танымдық сабақ өткізді.
Успешные выпускники
Выпускники 14.12.2020 940Жалгабаев Аян Жумаевич 05.12.1997 года рождения, выпускник 2015 года детского дома "Айналайын" города Талдыкорган. В 2019 году закончил Жетысуский государственный университет имени И.Жансугурова по профессий финансист. Работает специалистом в департаменте государственных доходов по городу Алматы в Управлении государственных доходов Алатауского района. В детском доме Аян хорошо играл в шахматы, тогызкумалак. В школьной олимпиаде по математике неоднократно занимал призовые места. По характеру спокойный, добродушный, ответственный Аян всегда с уважением относился к старшим. Сейчас он пользуется авторитетом среди своих коллег. Мы гордимся тобой!
С днем рождения!
Памятные даты и дни рождения 13.12.2020 639Республикалық мәнерлеп оқу сайыстарының бірнеше мәрте жүлдегері, облыстық,қалалық пән олимпиадаларының жеңімпазы, күміс көмей әнші, өнерлі актриса, Балалар кеңесінің белсендісі Белоносова Снежананы 17 жасқа толуымен құттықтап, деніне саулық, шығармашылық табыстар тілейміз!